«Ордабасы» клубының капитаны Азат Нұрғалиев «PROСПОРТ» тілшісіне «Шахтер» командасына қарсы өткен кездесу туралы айтып берді.

- Азат, Тұңғышбаевтың соққан алғашқы добы матчтың тағдырын шешті деп айта аласыз ба?

- Бұл гол бізге сенімділік беріп, жігерлендіре түсті. Ары қарай өз-өзімізге сенімді болып, допты жақсы бақыладық.

- Қарсыластарыңыз туралы не айта аласыз?

- Олардың «Атырау» мен «Таразға» қарсы кездесулерін талдағатын болатынбыз. Алайда бүгін мүлдем басқаша өнер көрсетті. Психологиялық тұрғыдан ерекше дайындалғанын байқадым. Бапкердің көп жұмыс атқарғанын аңғаруға болады, жігіттер алаңда сабырлылықпен ойнап, допқа көп иелік етуге тырысты.

- Жақында ғана Трайкович пен Юнузович жаттығулардан шеттетілген болатын. Капитан ретінде осы туралы не айта аласыз?

- Мен, Юнузович пен Трайкович секілді қатардағы футболшымын. Сол себепті, бұл жағдай туралы ештеңе айта алмаймын. Бұл сұраққа бас бапкердің өзі жауап берген дұрыс болар.