Қазақстан Премьер-Лигасының 10 туры аясында өткен «Ақтөбе»-«Атырау» матчынан кейін «мұнайшылардың» бас бапкері Владимир Никитенко ойын туралы пікірімен бөлісіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
 
- Жалпы алғанда, тең ойын болды.Екінші таймда біз қарымта шабуылда жақсы ойнап, ойын тізгінін өз қолымызға алдық. Өкінішке орай, алаң ортасында доптан айырылып, қарымта шабуылдарды өткізіп алған кездеріміз де болды. Пенальти де соның кесірінен болды. 
 
- Эссаме бүгін неге ойнамады?
 
- Эссаменің жарақаты бар.
 
- Ламанж неге ойнамады?
 
- Ламанждың да жағдайы онша емес. Біз өз алаңымызда қиын матч өткіздік. Өздеріңіз көрген боларсыздар, өз алаңымызда батпақта ойнадық, денсаулыққа айтарлықтай кері әсер етті. 
 
- Соңғы екі-үш турда сіз жалғыз тірек ойыншымен ойнадыңыз, жалғыз Коробкинмен.
 
- Біз әрқалай ойнай береміз, ойын барысында тактикалық өзгерістер болып тұрады.
 
- Бүгін Сапаров Коробкинмен жұп құрды емес пе?
 
- Бүгін бір тірек ойыншымен ойнадық, кейін екеуге ауыстық.
 
- Бірінші таймның ортасында сіздер үш тірек ойыншымен ойнағандай көріндіңіздер?
 
- Бізге оңай болмады. Сол себепті де тайм ортасында үш тірек ойыншыға ауысып ойнадық. Қорғанысымызға көмек керек болды. Сондықтан да тактикалық өзгеріс жасадық. Сөйтіп қорғаныстың мәселесін шеше алдық. Ойын соңы, қателікке бой алдырдық, алаң ортасында бірнеше шабуылды жіберіп алдық, нәтижесінде 11- метрлік айып добы белгіленді.
 
«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі