The Cauldron басылымының журналисі  Энди Глокнерді мексикандық Саул Альварестің британдық Амир Ханды жеңуі онша таңырқата қойған жоқ, деп хабарлайды Sports.kz.
 
«Менің ойымша және бұл көп көпшіліктің де пікірі деп санаймын,  Головкин Канелоның быт-шытын шығарады», деп жазды Глокнер өзінің твиттерінде.
 
Альварес Головкинді өз жеңісінен кейін бірден айқасқа шақырған болатын. Шамасы,  жұрттың бәрі күтіп отырған бұл  жекпе-жек күзде өтетін болады.