7-ші мамыр күні Лас-Вегас қаласында британиялық Әмір Ханды нокаутпен ұтқан мексикалық боксшы Сауль Альварес келесі кездесуінде қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.   

Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, Альварес өз сөзінде тұрады. «Арена жанкүйерлерге лық толы болды. Барша әлем бұл жекпе-жекті көрді. Канело - орта салмақтың нағыз чемпионы, ол Головкиннен қашады деп ойламаймын. Жақын күндері Альварес-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде Эрик Гомеске хабарласамын (Golden Boy Promotions компаниясының экс-президенті)», - деді Леффлер boxingscene.com сайтына.