Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы жайлы өз пікірімен бөлісті.

«Канелоның 160 фунтта жұдырықтасқысы келеді, бұл 155 емес. Біз WBC ережесі бойынша келісім-шартқа қол қоюға дайынбыз. Ол өзін бокстан да үлкен санайды. Егер олар жұдырықтасып жатса, Канело сегіз раундта нокаутқа түседі. Бірақ ол 160 фунтқа ауысып кетсе, таңқаламын», - деді Санчес.