Қазақстандық Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді нокаутқа жіберді.

Он раундтан тұратын жекпе-жектің басында Қанат өте белсенді болып, сәл басымдықта болған. Бірақ артынша колумбиялық бойшаң боксшы қолының ұзындығы арқасында соққылар жасай бастады. Төртінші раундтарда де Анхель шаршаңқырап қалды, осыны ескерген, Ислам бірден алға ұмтылды.

Нәтижесінде алтыншы  раундта Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберіп, өзінің 21-ші жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. Қазақстандық боксшының еншісінде 18 нокаут бар.