Назарларыңызға Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы жұлдыздар, боксшылар және жанкүйерлердің Твиттердегі пікірлерін ұсынамыз.

Крис Манникс:

«Оскар Де Ла Хойя GGG-ді шақырып, «Ертең Головкин тұтқаны көтерсін» деп айтты. Бұл жекпе-жектің өтетініне сенім бар».

Скотт:

«Де Ла Хойя сіздерді ақымақ көретіні ойларыңызға келмеді ме? GGG оның шақыруларына жауап бермегендей көрінеді».

Tom Craze:

Оскар Генаға қоңырау шалады: «155 фунтта жұдырықтасасың ба?»

Геннадий: «Жоқ.»

Оскар: «Жарайды, рахмет.»

(Тұтқаны қоя салады...)

Скотт:

Оскар Генаға қоңырау шалады: «GGG, қалайсың? Тұтқаны көтергеніңе қуаныштымын. Біз жекпе-жекті 154 фунтта өткіземіз.»

«Жоқ»

«Жарайды, 155 фунтта»

«Жоқ»

«Сенің талабың ақылға қонбайды, досым»

Лу ДиБелла:

«Оскардың 4 тузын GGG-дің екілігі 7 раундта нокаутқа жібереді»

Raging Babe:

«Бүгінгі баспасөз-мәслихатынан түсінгенім: Оскар аз ғана қуырылған стейкті жақсы көреді және оның 4 тузы бар»

Брэндон Спано:

«GGG оны өз күніне айналдырады, енді бұл оның кеші. Канелода Головкинмен жұдырықтасудан басқа амал жоқ»

HeroesBoxing Melissa:

«Канело-GGG жекпе-жегі қыркүйекте менің туған күнімде тамаша сыйлық болар еді. Мен бірнеше жылдан бері шыдап келе жатқан Мейуэзердің жекпе-жектерінен анағұрлым жақсы».

Дейв Смит:

«Головкиннің ұнтағыш күші бар. Ол боксшы ретінде дұрыс бағаланбай келеді. Канелоны нокаутқа түсірмес бұрын, оны соққының астына алады».

Эрик Раскин:

«Мен мұны Канело-Котто жекпе-жегінде кейін айтқанмын, мұны тағы да қайталайын: Канело GGG-ге бәсекелестік тудыра алады. Жоқ, оны жеңе алмайды. Бірақ тас-талқан болып жеңілмейді.

Крис Вернон:

«GGG мен Канело жекпе-жегі болса екен деп тілеймін. GGG-ге лайықты құбыжықтар жекпе-жегі, ол жеңіске жетеді».

Дэйв Шоллер:

«Канело. GGG. Биыл осыны қалаймын, Аяз ата».

Przemek garczarczyk:

«Бүгін Лемьені қараңыздар. Естеріңізде ме, оны GGG оны қалай жеңді?»

 

*Пікірлер Головкиннің «Вконтакте» желісіндегі парақшасынан алынды