Аса жеңіл салмақта WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Жанат Жақиянов кезекті жекпе-жегін өткізбейтін болды.

Baq.kz порталының мәлімдеуінше, жекпе-жектің өтпеуіне боксшының жарақаты себеп. Мамандардың айтуынша, қазақстандық былғары қолғап шебері жақын арада шаршы алаңға шыға алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Жақиянов рингте ОАР өкілі, IBF жеңімпазы Золани Тетемен жұдырық түйістіруі керек болатын. Жекпе-жектің өзі Алматыда маусым айында өтеді деп жоспарланған. Айта кетсек, 32 жастағы Жанат 27 кездесуінде 26 рет жеңіске жеткен.