Қанат  Исламның проумоутері Нельсон Лопес қазақстандық боксшының колумбиялық  Хуан де Анхельмен жекпе-жегі алдында пікірімен бөлісті.

«Қазақстанда бүкіл жұрт тек Головкин жайлы айтады, бірақ Қанат оның ізін басып келеді. Оның есімін де көпшілік жақсы біледі, елде мыңдаған жанкүйерлері бар. Бізге алға жылжу үшін серпінді қадам керек және бұл жексенбіде іске асады. Ол супер жұлдызға айналады - бұл тек уақыт еншісінде»,- деді Лопес.