Әмір Ханды нокаутпен ұтқан мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

«Triple G», Мен дайынмын! Кел, Мексикада жекпе-жек өткізейік. Мен сені шаршы алаңға шақырамын. Биыл немесе келесі жылы болсын, маған бәрібір», - деді Альварес Ханмен болған жекпе-жектен кейін.