Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

«Бүгінгі кештің барлық бокшыларына үлкен құрметімді білдіремін, мен жекпе-жекке дайынмын, Канело», - деп жазды Головкин әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Сауль Альварес Әмір Ханды алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын.