Хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы Роман Савченко ProsportKz.kz тілшісіне Швейцариямен (3:2 Б) өткен кездесу жайлы айтып берді. 
 
- Әлем чемпионатының алғашқы матчынан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай? 
 
- Көңіл-күйім жақсы. Әлем чемпионаты - ең үздік құрамалар қатысатын үлкен мереке. Ең бастысы - әр ойында аянбай тер төгіп, жоғары нәтиже көрсету. Бұл жарысқа әлемнің ең үздік хоккейшілері келді.   
 
- Бірінші кезеңде команда біраз қобалжыды. Неліктен? 
 
- Иә, кішкене қобалжыдық. Ең алғашқы ойын болған соң қобалжу болады. Барлық командаларда солай.
 
- Голыңыз өте керемет шықты... 
 
- Шын айтсам, гол соғамын деп ойламадым. Қақпаға қарай жойқын соққы жасадым. Қуанышыма орай, шайба дәл қақпаға енді.