Қазақстаннан шыққан бірінші әлем чемпионы, КСРО құрамасының мүшесі Валерий Рачков қазақ боксының дамуы туралы пікірімен бөлісті. 
 
«Қазақстанда бокспен айналысатындардың  әрі оған зор қызығушылық танытатындардың көптігі, бұл спорт түрінің дамуына қолдау көрсету деңгейінің жоғары болуы себепті қазақстандық бокс Азияда көшбасшыға айналды. Сондықтан да, Қазақстаннан Олимпиада чемпиондары  бірнеше жыл бойы тұрақты түрде шығып келеді. Олар бүкіл Азия боксын көтеруге қауқарлы», - деді Рачков.