WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа тартыс қарсаңында Сауль Альварес пен Әмір Хан ресми салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды championat.com.

Екеуінің де салмағы межеленген 155 фунттан (70,3 келі) аспады. Естеріңізге салайын, Хан мен Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста бақ сынасады. Мигель Коттоны өткен қарашада жеңгеннен кейін, Альварес үшін бұл бірінші атақ қорғау.