Ханды рухтандырған «Лестердің» жеңісі Орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Әмір Хан, мексиқалық боксшы, WBC чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек алдында өзін «Лестер» клубымен салыстырды, деп хабарлайды Associated Press.

«Ағылшын Премьер-лигасында чемпион болады деп ешкімнің ойына кіріп шықпаған «Лестер Ситидің» жеңісі маған шабыт әкелді. Олар әлсіз боп көрінгенімен, мықтылығын дәлелдей білді. Менің ойымша, сенімділік бұл жеңістің басты факторы. «Лестер Сити» жеңіске жетті, демек мен де жеңіске жете аламын», - дейді Хан.

Естеріңізге сала кетейік, Әмір хан мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 7 мамырда өтеді. Жеңімпаз Генади Галовкинмен жұдырықтасуға міндетті болды.