Ешқашан ұтылмаған америкалық боксшы Флойд Мейвезер 2015 жылдың қыркүйек айында мәнсабын аяқтаған, бірақ таяу уақытта ол UFC чемпионы Конор Макгрегормен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды The Sun.
 
Спортшылар сыйақы сомасына келіскен соң келісімшартқа қол қойылады. Бокс ережесі бойынша өтетін жекпе-жекке бір миллиард доллар қойылады. Кездесу жайында толық ақпарат жуырда пайда болу керек.
 
Айта кетейін, Макгрегор жақында Мейвезерді жекпе-жекке шақырып, оны 30 секундта «ұйықтатамын» деген.