Белгілі бокс сарапшысы Харольд Ледерман орта салмақ дәрежесінде WBC чемпионы мексикалық Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуден қашып жүргенін айтты.  

«Мен «Канелоны» түсінбеймін. Сауль Головкиннен қашып жүргендей әсер қалдырады. Альварес Головкинмен жекпе-жекке өткізсе, мансабындағы ең үлкен жалақы алады. Ол Головкинді өз салмағында жұдырықтасуға шақыруда, бірақ Геннадий орта салмақтан төмен түспеуі қажет. Аталмыш кездесу орта салмақ дәрежесіне өтуі тиіс, себебі «Канело» орта салмақта WBC чемпионы. Менің ойымша, «Канело» Головкинмен жұдырықтаспау үшін сылтау іздеп жүр», — деді Ледерман Bloody Elbow сайтына.