Атақты америкалық боксшы Бернард Хопкинс орта салмақ дәрежесінде WBA, IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA, WBO, IBF чемпионы ресейлік Сергей Ковалевпен жұдырықтасуды ұсынды. 

«Бокс жанкүйерлері Ковалев пен Уорд арасындағы жекпе-жектің орнына Сергейдің Головкинге қарсы кездесуін көрсе еш наразы болмайды. Ковалев пен Головкин бізбен ешкім жұдырықтасқысы келмейді дейді, онда неге екеуі бір-бірімен төбелеспейді? Мен кезінде Тарвермен кездесу үшін орта салмақтан жартылай ауыр салмаққа ауысқанмын. Сондықтан бокста бәрі мүмкін. Головкин салмақ қосып, Ковалев тастаса - бұл жекпе-жекті 167-170 фунт аралығында өткізуге болады», — деді Хопкинс Boxing Scene сайтына.