Британялық боксшы Әмір Хан WBC чемпионы Сауль Альваресті жеңсе Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екенін жеткізді.

Естеріңізге салайын, Альварес — Хан жекпе-жегі 7-ші мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Бұл кездесудің жеңімпазы артынша Головкинмен қолғап түйістіруге міндетті болады.

«Келешекте не боларын алдын ала болжай алмайсың. Егер осы титулды ұтсам Головкин сияқты мықтылармен кездесуден қашпаймын. Қазіргі таңдағы бар ойым Альваресті жеңу», — деді Хан.

 

материал BoxingScene сайтынан