«Golden Boy» промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкиннің кубалық Эрисланди Ларамен кездескісі келмегенін айтты. 

«Канело Лараны ұтты. Жекпе-жек өте тартысты өтті, бірақ соған қарамастан Сауль жеңіске жетті. Лара – ең үздік боксшылардың бірі. Головкин онымен жұдырықтасқысы келмеді. Котто да  бас тартты. Шын айтсам, Канело Ларамен кездесуге келісімін бергенінде мен таң қалғанмын», - деді Оскар Де Ла Хойя.