Орта салмақ дәрежесінде WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварес - Амир Хан жекпе-жегінің қалай аяқталатынына қарамастан, WBC титулына қол жеткізгісі келетінін еске салды.

«Олардың қайсысы жеңетіні маңызды емес, шаршы алаңға оралып, өз белбеуімді алғым келеді», - деп жазды GGG өз твиттерінде.