Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, ағылшын боксшысы Әмір Хан (31-3, 19 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) жекпе-жекке шығу туралы пікірін айтты.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, 7 мамырда Хан мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (46-1-1, 32 КО) жұдырықтасады. Лас-Вегаста олар WBC титулы үшін таласады, ал жеңімпаз Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеледі. Алайда Хан жеңсе қазақстандықпен кездесу үшін орта салмаққа өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Шынымды айтсам, мен орта дивизион жайлы ойламаймын, мен орта салмақта болатындай үлкен емеспін. Альвареспен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі пайда болғанда, сол мүмкіндікті пайдаланғым келді, бірақ егер жеңіп жатсам, Головкинмен жұдырықтасамын деп ойлаған жоқпын, себебі ол үлкен әрі ірі жігіт, өте жақсы боксшы. «Канелоға» қарсы жекпе-жекте басымдықтарым бар: жылдамдық, қозғалыс және бокс шеберлігі. Бірақ Головкин тіпті басқа спортшы және шынымды айтсам, ол мен үшін тым үлкен әрі күшті. Ал «Канелодан» айламды асыра аламын, ақылдырақ болуға тырысамын», - деп мәлімдеді Хан.

«Түптің түбінде мен ол жаққа барып, үлкен жігіттерден соққы жеп жатқым келмейді, себебі ол менің мансап жолымды немесе өмірімді бұзуы мүмкін. Мұны бокстың істегенін қаламаймын. Болашақта төмендейтін шығармын, қайтадан жартылай орта салмаққа, тіпті бірінші орта салмаққа, себебі мен әлем чемпионы титулын жеңіп алғым келеді», - деді ұлыбританиялық боксшы.