Белгілі бапкер Роберт Гарсияның айтуынша, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге WBC чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен келісімге келіп, онымен 155 фунт салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуі қажет. Бұл туралы Тengrinews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.

«Қалайша ол 155 фунт салмақ дәрежесіне дейін түспейді? Альварес онымен 160 фунт салмақта жекпе-жекке шығайын деп жатқан жоқ. Иә, Головкин белбеуді жекпе-жексіз-ақ алады, бірақ ол Альвареспен жекпе-жекке шықпайды және он миллион доллар табыс ала алмайды. Бұл - қыруар қаражат. Егер ол Мейвезер үшін бірінші орта салмақтағы жекпе-жекке дайын болғанда, неге онда ол Альвареспен жекпе-жекке дайын емес? Ол өзінің титулын қорғай алады, бірақ мансабындағы ең үлкен және табысты жекпе-жегінен айырылып қалады», - деді Гарсия.

Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ ) ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғауы керек. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттеледі. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының командасы 160 фунт салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді сұрап отыр.