Қазақстандық кәсіпқой боксшы Радмир Ахмедиев АҚШ-та жергілікті боксшы Вансе Гарвеймен матч-реванш өткізіп, қарсыласын қайта ұтты.   

Естеріңізге сала кетсек, қос боксшы арасындағы бірінші кездесуінде Радмир қарсыласынан айласын асырған болатын. Бұл жолы да Ахмедиев ұпай шешімімен басым жеңіске қол жеткізді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісі болды.