Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесуді ұйымдастыруға не кедергі болып жатқанын айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, Альварес бұл кездесу 155 фунтта өтуі тиіс десе, Головкин тек 160 фунтта жұдырықтасуға дайын екенін айтты. 

«Головкин жұлдызды боксшымен жұдырықтасқан жоқ. Бұл шындық. Ал Сауль болса тек үздіктермен кездеседі. Біз Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайынбыз, бірақ ол үшін Геннадий біздің шартымызға келісу қажет», - деді мекикалық боксшының бапкері boxingscene.com сайтына.