Бокстан орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин жанкүйерлеріне Доминик Уэйдпен өткен кездесуде қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты.

"Өткен кездесуде қолдау білдірген жанкүйерлеріме алғыс айтамын! Барлықтарыңызды қыркүйек айында "Канеломен" өтетін жекпе-жегіме шақырамын", - деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Еске салайық, Головкин 24 сәуірде америкалық Доминик Уэйдті жеңіп, мансабындағы 35-ші жеңісіне жетті.