Германияда бірінші ауыр салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев пен венгриялық Габор Халас жұдырықтасты. 

Жекпе-жек қазақстандық былғары қолғап шеберінің пайдасына аяқталды. 31 жастағы Ақбербаев қарсыласын жетінші раундта нокаутқа жіберді. 

Осылайша қазақстандық боксшы GBC чемпионы титулын екінші мәрте қорғап қалды.