Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 21-ші жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы көрсетеді.

Қазақстандық боксшының қарсыласы колумбиялық Хуан Де Анхель болмақ. Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Лейкленд қаласында өтпек, «Қазақстан» арнасында трансляция 9 мамырда Астана уақытымен 7:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан Қанат Ислам бұған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Оның 17-сін мерзімінен бұрын аяқтады.