Орта салмақта WBO рейтингінің бірінші нөмірлі боксшысы грузиялық Автандил Хурцидзе (32-2-2, 21 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) жекпе-жек өткізуге қатысты ойымен бөлісті.
 
- Головкин мықты боксшы, дегенмен, мен онымен кездесуге дайынмын.
 
- Сіз де Головкин сияқты панчер боксшысыз ғой. Бәлкім, оны жеңуге тырысып көрерсіз?
 
- Әрине, тырысып көремін (күліп). Ия, мен де жалпы панчер боксшылар қатарына жатамын. Егер де Головкин екеуміз кездесіп жатсақ, бұл өте қызықты жекпе-жек болар еді.
 
- Промоутеріңіздің айтуынша, Сіз Головкиннің чемпиондық белбеулерін тартып алуды жоспарлап отырған көрінесіз.
 
- Промоутерімнің не айқтанынан хабарым жоқ. Егер солай десе, демек тартып аламыз.
 
- Өзіңіз қалай ойлайсыз, Головкинді жеңуге шамаңыз жете ме?
 
- Мен ойламаймын, мен сенімдімін. Рингте бір ғана чемпион болады, сондықтан оны жеңу үшін барымды саламын.
 
- Ал Сондерспен кездесіп, оның белбеуін тартып алғыңыз келмей ме?
 
- Онымен кездесуге ниетім де, күшім де, уақытым да бар. Мен, жалпы, көп сөйлегенді жаман көретін адаммын, іспен дәлелдегенді жақсы көремін. Балапанды күзде сана деген. Көңіл бөлгеніңіз үшін көп рахмет. Мен Геннадиді әділ спортшы деп есептеймін. Ол өзін рингте де, өмірде де өте лайықты ұстайды. Спорт деген жақсы, әрине, бірақ та жақсы адам болып қалу одан да маңызды.
 
BNews.kz ақпараттық порталынан