АҚШ-тағы ежелгі және ең танымал испан тілді La Opinion газеті қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласы болу мүмкіндігі мол үш спортшыны атады.
 
Олар: британиялықтар Билли Джо Сондерс пен кіші Крис Юбенк және американдық Дэнниел Джейкобс.
Айта кетейік, Геннадий Головкин американдық боксшы Доминик Уэйдті жекпе-жектің екінші раундында сұлатып түсіріп, 35-ші жеңісіне жеткен еді.