Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы кездесу әлі өтпейтінін айтты, деп хабарлайды allboxing.ru.

«Боб Арум айтқанындай, мен бұл жекпе-жекті тым ұзаққа созғым келмейді. Бірақ бұл кездесуден көп қаржы табатындай жасауға болады. Ол үшін әлі де уақыт керек», - деді Оскар.