WBC президенті Маурисио Сүлейманның айтуынша, Альварес-Хан жекпе-жегінің жеңімпазы келесі кездесуін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізуге міндетті.

«Келісімшартта бәрі жазылған. «Канело» Әмір Ханды жеңіп жатса, келесі кездесуін Головкинге қарсы өткізуге міндетті. Кері жағдайда ол чемпиондық титулынан айырылады. Жекпе-жекті ұйымдастыру үшін қос боксшыға екі апта мерзім беріледі», - деді WBC президенті.