Америкалық стэнд-ап әзілқойы Дэн Содер Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің рингте кездесуі туралы пікірімен бөлісті.

«Канело Головкиннен қорқатынын мойындағанын қалаймын. Ол қашан да GGG-мен жұдырықтасудан қашқақтап жүреді», - деп жазды Содер Твиттер парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Сауль «Канело» Альварес 7 мамырда Амир Ханмен күш сынасады. Осы жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуі керек.