Ережесіз жекпе-жектен UFC-дің бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Кейн Веласкез отандасы Сауль Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуды сұрады.

«Әр чемпион тек мықтылармен ғана жұдырықтасу қажет. Егерде, бұл нағыз чемпион болса. Сауль Альварестің орнында болсам, Геннадий Головкинмен жұдырықтасар едім. Мен ешқашан мықтылардан қашқан емеспін. Канело Головкиннің ұсынысына келісу керек», - деді Кейн Велазкез.