Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчестің сөздеріне назар аудармайтынын айтты.  

«Головкин мен оның бапкерінің сөздеріне назар аудармаймын. Сенбі күні жұдырықтасқан қарсыласынан кейін бірдеңе деу тіпті ұят. Жасым 25-те болса да, мен көптеген әлем чемпиондарымен жұдырықтастым. Ал Головкин ше?», - деді Альварес Boxingscene сайтына.