Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің мәлімдеуінше, қазақстандық боксшының келесі қарсыласы Сауль Альварес немесе Билли Джо Сондерс болады, деп хабарлайды championat.com.

«Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек - ұлы кездесу болмақ. Головкин үшін қай жерде жұдырықтасу маңызды емес. Егерде, Альварес Геннадиймен кездесуден бас тартса, біз Лондонда Сондерспен жұдырықтасуға дайынбыз. Геннадийге Биллидің WBO белбеуі керек», — деді Леффлер Boxing Scene сайтына.