Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, егерде Канело қазақстандық боксшымен жұдырықтаспаса, онда мексикалықтардың Сауль Альварестен көңілі қалады, деп хабарлайды championat.com.

«Альварес Головкиннен қорқып жүр деп ойламаймын. Сауль - батыл жігіт. Бірақ қазіргі бокс - бұл бизнес. Мексикалықтар өз батырынан нағыз ерлік күтеді. Егерде, Альварес Головкинмен жұдырықтаспаса, онда мексикалықтардың Саульден көңілі қалады...», — деді Санчес BoxingScene сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, 7-ші мамыр күні Альварес британиялық Әмір Ханмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы келесі кездесуін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізуге міндетті.