Атақты америкалық боксшы Шугар Рэй Леонард қазақстандық Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады. 
 
«Тез аяқталған жекпе-жек! Головкинді керемет жеңісімен құттықтаймын», - деп жазды Леонард «твиттердегі» ресми парақшасында. 
 
Естеріңізге сала кетсек, кеше ғана Калифорнияның «Форум» аренасында Головкин америкалық Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутпен ұтқан болатын.