Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әйгілі Сауль Альвареспен қашан кездесетінін айтты.

"Екі тарап жасасқан келісім бар. 7 мамырдан кейін екі боксшыға келісімге келуге бір ай уақыт берілді. Егер олар өзара келісе алмаса, біз промоутерлік сауда ұйымдастырамыз", - деді Сүлейман Головкин.

Өз кезегінде Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) басшысы Хильберто Мендос Головкин - Альварес жекпе-жегі болмаған жағдайда, қазақстандық боксшыны орта салмақта WBA (Regular) чемпионы Дэниэл Джейкобспен кездесуге міндеттейтінін айтты. "Біз титулды қорғау жекпе-жегін ұйымдастырғымыз келеді, дегенмен WBC ұйымына кедергі келтірмейміз", - деді ол.

Еске салайық, 24 сәуірде Головкин - Уэйд жекпе-жегі болып, қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.