Қазақстан боксшы Геннадий Головкин WBO чемпионы Гилберто Рамиреспен кездескісі келмейтінін айтты.

«Дәл қазір орта салмақта барлық белбеуді жеңіп алуға басты назарымды аударып отырмын. Рамиреске әлі бірнеше жекпе-жек өткізу қажет деп ойлаймын. Ол тамаша боксшы, бірақ атақты емес. Ал маған атақты боксшы керек», - деді Головкин.