Британ боксшысы Энтони Фаулер Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді. 
 
«GGG әдеттегідей бабында болды. Боксшылардың барлығы бұл жігіттен неліктен қорқатыны енді түсінікті болды», - деп жазды Фаулер твиттердегі парақшасында.
 
Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері соңғы кездесуінде америкалық Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутқа жіберіп, 35-ші (32-КО) жеңісіне жетті.