WBA (Super), IBO және WBC (Interim), IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін «Канело» - Хан кездесуінің жеңімпазымен өткізгісі келеді.
 
Сауль Альварес пен Амир Хан арасындағы жекпе-жек 7 мамыра күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Головкин осы кездесудің жеңімпазына қарсы жұдырықтасуға дайын екендігін жеткізген.
Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері соңғы кездесуінде американдық Доминик Уэйдті екінші раундта талдырып, 35-ші (32-КО) жеңісіне жетті.