Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады.
 
«Геннадий, жеңіс құтты болсын! Таң атпай, ұйқыларын қиып, Доминик Уэйдке қарсы кездесуіңізді көруге жүздеген қазақтандық жанкүйер жиналды. Сіз осы уақытқа дейін еш жеңілмей келген қарсыласыңызды жеңіп, көрермендеріңіздің ең батыл үміттерін ақтадыңыз. Шаршы алаңдағы бұл жеңіс ел спорты мен отандық бокс мектебінің абыройын асқақтатты. Сізге тек сәттілік пен жетістік тілеймін. Жаңа белестерді бағындыруыңызға тілектеспін», - деді Тимур Құлыбаев өз құттықтауында.
 
24.kz