Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин боксшы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады.

«Геннадий – ринг жұлдызы! Дәл осы күні шын жүректен құттықтаймын! Әр жеңіс оңай келіп, мақсаттарың орындалсын. Сенің есімің аңызға айналған боксшылардың қасында жазылсын. Бұл үшін сенде бәрі бар», - деп жазды Ильин Инстаграмдағы парақшасында.