Америкалық боксшы Доминик Уэйд қазақстандық Геннадий Головкинге шамасы келмегенін мойындады.

«Оның күші бар. Оның күші, тіпті, мен ойлағаннан де көп екен. Менің рингте бейімделгім келген. Бірақ оның соққысы тиген кезде бұлай жасау қиынға соқты. Мен басқаша жұдырықтаса алар едім, - бірақ ол ұлы чемпион, чемпион болуы үшін керектінің бәрі де бар», - деді америкалық боксшы жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, бұл Доминик Уэйдтің кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі. Головкинге дейін америкалық боксшы 18 кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен, оның 12-сін уақытынан бұрын аяқтаған.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин «Форум» аренасында IBF белбеуіне міндетті үміткер Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсіріп, 35-ші жеңісіне қол жеткізді.