Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасына берген сұхбатында әйгілі Бернард Хопкинстің рекордын жаңартқысы келетінін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
 
«Мен Хопкинстің рекордын жаңарта алатыныма сенімдімін. Бұл мен үшін де және менің командам үшін де өте маңызды», - дейді Головин
Естеріңізге саламыз, отандасымыз WBA чемпиондық белбеуін осы жолы 16-рет, IBO – 13, WBC (Interim) – 4 және IBF белбеуін алғаш рет қорғайды. Головкин бүгінге дейін кәсіпқой бокста 34 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 31 қарсыласын нокаутпен жеңген.
 
Ал Бернард Хопкинс орта салмақтағы чемпиондық атағын 20 рет қорғаған.