Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен кейін қысқаша сұхбат берді.

«Алдымен өз достарыма алғыс айтқым келеді. Достарым! Мен сендерді сүйемін, жігіттер!  Бұл жекпе-жек менің оларға деген жақсы сыйым болады деп сенемін. Уэйд те мен сияқты ешқашан жеңіліп көрмеген.  Ол мықты және міндетті үміткер. Бұл жекпе-жекке  мен барлық белбеулерімді  - WBC (Interim), WBA, IBF, IBO тігіп отырмын»,- деді қазақстандық боксшы. 

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді. Бұл кездесу қазақстандық уақытпен 24 сәуірде 7:20-да басталады.