Қазақстандық  боксшы Геннадий Головкиннің америкалық Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатынды белгілі болды.
 
GGG  осы кездесуде 2 миллион доллар табыс табады. Головкин Давид Лемьемен жұдырықтасқанда да дәл осындай мөлшерде гонорар алған еді.  Ал Уэйдке 500 мың доллар төленеді. 
 
Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді. Бұл кездесу қазақстандық уақытпен 24 сәуірде 7:20-да басталады.