Мексикалық комментатор Антонио Росике қазақстандық Геннадий Головкин туралы пікірін айтты.

«Оның есімі сирек кездеседі. Ол Қазақстан секілді алыс елден. Бірақ. Ол жеңіліп көрмеді. 35-0, 31 КО. Оның есімі – GGG», - деп жазды Росике твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық уақытпен 24 сәуірде 7:20-да Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен күш сынасады.