Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер отандасымыз бен польшалық Мацей Сулецки арасында жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
 
Головкин 23 сәуір күні америкалық Доминик Уэйдті жеңіп жатса, келесі кездесуінде Сауль Альварес пен Амир Хан жұбының жеңімпазымен жолығады. Егер де жеңімпаз боксшы қазақстандықпен жұдырықтасудан бас тартса, польшалық Сулецкиді таңдауға тура келеді.
 
«Сулецки – жас әрі жеңілмеген боксшы. Ол орта салмақ дәрежесінде әлемде өзіне тең келетін боксшы жоқ деп санайды. Ал Геннадий дәл осындай боксшылармен кездескісі келеді. Головкин – Сулецки жекпе-жегін Чикагода ұйымдастыруды қарастырып отырмыз, өйткені, онда боксқа деген сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар, Сулецкидің отаны Польшаны да таңдап алуымыз әбден мүмкін. Жалпы, Головкин мықты боксшылармен кездесу үшін жер таңдамайды, кез келген жерде шығуға дайын», - дейді Т.Леффлер.
 
Айта кетейік, 26 жастағы Марцей Сулецки кәсіпқой бокста 22 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 7 қарсыласын нокаутпен ұтқан